Омбудсмен Эльвира Әзімова айлығы қанша екенін айтты

Аян Өрібай

Бұл сұраққа Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Фото: Ашық дереккөзден

Эльвира Әзімова өз айлығы «еңбек министрімен бірдей» айлық алатынын атап өтті.

«Салықтарды алып тастағанда 600 мың теңге», - деді ол.

Айта кетсек, мәжілісте бүгін Салық кодексіне Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша толықтыру енгізу мәселесі қаралған болатын. Адам құқықтарын көтермелеумен және қорғаумен айналысатын ұлттық мекемелердің мәртебесіне қатысты қағидаттарға (Париж қағидаттары), сондай-ақ Омбудсмен институтын қорғау және нығайту қағидаттарына («Венеция қағидаттары») сәйкес уәкіл лауазымы бес жыл мерзімге сайланатын (сайлайтын) негізде белгіленеді. Мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында ол қызмет кезеңінде саяси қызметпен айналыса алмайды. Мемлекеттік қызметте бола алмайды. Оқытушылық, ғылыми не өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда басқа ақы төленетін қызметпен айналыса алмайды.