×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Астана ЖЭО-2: апат орын алды ма

11.02.2024, 13:11
Энергетика министрлігі

«Астана Энергия» АҚ елордадағы ЖЭО-2-де апат болмағанын мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

«9 ақпанда сағат 11:44 кезінде реттеу жүйесіндегі ақауға байланысты төртінші турбоагрегат өшірілді. Соның салдарынан компенсантор ажырап қалды. Атап айтқанда, бұл жағдай апат ретінде саналмайды. Барлық жүйе ретке келтіріліп, төртінші турбоагрегат іске қосылды. Оған түсетін жүктеме бұрынғыдай 100 мВат шамасында. Осы жағдай ЖЭО-2 жұмысына ешқандай әсер еткен жоқ», - делінген таратылған хабарламада.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі дәл қазір екінші жылу электр орталығындағы төртінші турбина қалып режимде жұмыс істеп тұрғанын растады. Ондағы ақау электр және жылу энергиясын шектемеді.

Серіктес жаңалықтары