Қазақстан 17 мемлекеттің вакциналау паспортын жарамды деп таныды

Ulysmedia

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың қаулысы бүгін жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Аргентина Республикасында, Мажарстанда, Грузияда, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында,  Сан-Марино Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында және Эстония Республикасында берілген азаматтардың вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», - делінген қаулыда.

Сонымен қатар Қиясовтың № 28 қаулысының 3 тармағының күші жойылды. Бүгінгі қаулы қол қойылған 26 қазаннан бастап күшіне енді.