Газа секторында науқастар емделе алмай жүр

Оралхан Қожанов

Газа секторында созылмалы ауруы бар мыңдаған науқас ем ала алмай жүр, деп жазады Ulysmedia.kz. 24.kz арнасына сілтеме жасап.

AFP 2024

Халықаралық "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының сарапшылары осылай деп дабыл қақты. Өйткені қақтығыс жайлаған аймақта дәрігер мен дәрі-дәрмек жетіспейді. Қазір Газадағы 36 аурухананың тек 14-і ғана жұмыс істеп тұр. Жалпы анклавта бүйрегіне жасанды қан құятын мыңға жуық науқас пен бүйрегін ауыстырған 450 адам бар. Бірақ олардың бәрі емсіз қалып отыр.

Естеріңізге салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Газадағы "Әл-Ақса" ауруханасындағы жүздеген науқас пен медицина қызметкерінің жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.