25 ақпан сағат 10:16 шамасында Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станцияларының желісінде эпицентр туралы ақпарат, балдық көрсеткіш өңделіп жатыр.
ТЖМ ақпараты бойынша, эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 13.3.
MPV магнитудасы – 5.9. Алматы қаласында сезілетіндігі туралы мәліметтер -3 балл.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес бұл ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға хабарланған. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүліну мәніне көзбен шолып қарау туралы ақпарат жинау үшін, қираудың болуына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуіне мониторинг жүргізіледі.