"Шаршадым" - Мирас Жүгінісовке Астана ұнамады ма

Оралхан Қожанов

Танымал әнші Мирас Жүгінісов Астана қаласынан Алматыға қоныс аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Әлеуметтік желіден

Оның айтуынша, Алматы шаһары әншіге әлдеқайда ыңғайлы.

"Алматы - шығармашылықтың алаңы. Сондықтан мен үшін ыңғайлы. Астанада көп тұрдым. Ол жақта өзіңмен-өзің жүресің. Астанада жалғыз жүріп, шаршап кеттім. Ортаң әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе кәсіпкерлермен араласасың", - деді Мирас Жүгінісов.

Сонымен қатар өнер иесі шығармашылыққа мықтап кіріскенін айтты.

"Жаңа әндер шығады. Жақында бейнебаян түсірдім. Дайын болып қалды. Бейнебаяннан бөлек концерт ұйымдастырамыз. Тұрар Ыдырыспен бірігіп, Қазақстан бойынша тур жасаймыз", - деді Мирас Жүгінісов.