Тиісті заң жобасы бүгін Парламент Мәжілісінде қаралды, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Құжат бойынша баяндама жасаған депутат Айгүл Құспан аталған келісімге 2021 жылғы 12 шілдеде Нұр-Сұлтанда қол қойылғанын мәлім етті.
«Келісімге сәйкес, Қазақстан Тәжікстанға әскери мүлікті өтеусіз беру түріндегі әскери-техникалық жәрдем көрсететін болады. Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын», - деді ол.