×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Қазарнаулыэкспорттағы» жемқорлық: ҚМА өкілі қылмыстық іс бойынша тың деректі айтты

01.03.2024, 16:52
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов «Қазарнаулыэкспорт» мекемесіндегі жемқорлық даулары жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мекеменің алдымен басшысы, содан кейін басшының міндетін атқарушы ұсталды. Мекеме басшыларының бірінен кейін бірінің ұсталуының себебі неде?” деп сұралды ҚМА өкілінен мәжіліс кулуарында. Бұл сұраққа жауап берген Елемесов мекеме басшысының міндетін атқарушысының үстінен қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, ал Рамазановтың үстінен былтыр қылмыстық кодекстің 189 бабы (бюджет қаражатын жымқыру) бойынша іс қозғалғанын айтты. “Екеуі де қамауда” дейді ол.

“Тергеу нұсқасы бойынша олар сыбайлас болған ба?” деген сұраққа Елемесов мемлекеттік сатып алу бағытында екеуінің сыбайлас болғанын растады. Елемесов бұдған кейінгі тергеу мәліметтерін айтуға құқығы жоқтығын мәлім етті.

Еске сала кетейік, Қару-жарақ, әскери техника мен мүліктің импорты, экспортымен айналысатын қазақстандық компания жайлы жемқорлық дауы басылар емес. Былтыр қараша айында мекеменің бас директор Арман Рамазанов бюджеттен шамамен миллиард теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Оның орнына міндетін атқарушы Аршат Аяғанов келген еді. Алайда ол бұл қызметі қыс бойы атқарған ол да ұсталып отыр. Қаржы мониторингі агенттігі Аяғанов брондалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын растады.

Серіктес жаңалықтары