×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бір кісіге бірнеше SIM-карта сатуды шектеу ұсынылды: Цифрлық даму министрлігі не дейді

04.03.2024, 13:59
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте бүгін киберқылмыспен, оның ішінде интернет-алаяқтықпен күрес мәселесі талқыланды. Отырыс барысында депутаттардың бірі бір кісіге бірнеше SIM-карта беруді тоқтату ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылау барысында депутат Амантай Жарқынбек Павлодар облыстық полиция департаментінің өкілдерімен кездескен кезде тәртіп сақшылары SIM-карта (нөмірлерді) беруді шектеуді ұсынғанын айтаы. Оның сөзінше, қазір картаны кез келген дүкеннен сатып алуға болады. Бір кісіге шексіз, көп SIM-картаны сатып алуға шектеу жоқ.

– Кейбір мемлекеттік тәжірибесіне қарасақ, тек байланыс операторының филлиалынан сатып алуға рұқсат бар. Жекелеген дүкендер мұны сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM-картадан артық берілмесе. Бұл үлкен көмек болады деп отыр (Павлодар облысы ПД қызметкерлері). Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма? – деп сұрады ол цифрлық даму министрлігі өкілінен.

Бұл сұраққа жауап берген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі қпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов сатылатын SIM-карта санына ешқандай шектеу енгізілмейтінін, алайда олар кімге нақты сатылып жатқаны жөнінде ақпарат жиналатынын айтады.

– Өйткені шектеу болған кезде, әрқашан біреуге шартты түрде бес SIM-карта квотасын сататын адамдар пайда болуы мүмкін, бізде адамдар өте іскер. Сондықтан мемлекет тарапынан қажетсіз шектеу туғызбас үшін біз адамдарға идентификация жасағаннан кейін ғана SIM карта беруді ұсынамыз, – дейді ол.

Бұл ұсыныс қазір қарастырылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары