Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК мамандары елімізде алдағы үш күнде – 7, 8 және 9 наурызда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

9 наурызда Қазақстанның оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, батыста, солтүстікте және орталықта тұман түседі деп күтілуде, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
  • республиканың батыс облыстарында 0+8°С,
  • солтүстікте -4+1°С,
  • оңтүстігінде +10+20°С.