Таяуда Қажыкен партиясын тіркеу жөнінде кезекті өтінішін Әділет министрлігіне тапсырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазнетте 2022 жылғы сайлауға қатысқан бұрынғы президенттікке кандидаттың партиясын тіркету жөніндегі талпынысы талқыланып жатыр. "Yntymaq республикалық партиясы" тіркеуге құжаттарды қайта тапсырған.
Авторлар былтыр жазда дәл осы партия тіркеуден өтуге тырысқанын жазады.
– Yntymaq -ты тіркеудің тағы бір әрекеті белгілі бір партиялық жобаны ұйымдастырушылардың жеке "көлеңкемен жекпе-жегінің" жалғасы болуы әбден мүмкін.
Қажыкен "саяси ергежейлілер" арасында "білгіш" рөлін немесе қаласаңыз, "мектеп сайқымазақтары" жанында "үздік оқушы" рөлін ойнауға ұмтылды. Бірақ егер сіз "мектеп" мысалын жалғастыра берсеңіз, тіпті қыздар да түртпектейтін "жуас" сыныптас ретінде көріп, оқуды бітіргеннен кейін бір жылдан соң есімін де есіңізге түсіре алмай қалуыңыз мүмкін. Сонымен, осы саясаткердің партияластары қазір несіне сене алады? - деп жазады телеграм-арналар.
Президенттікке экс-кандидат
Еске сала кетейік, 2022 жылы экономист Мейрам Қажыкен президентікке үміткер болып, Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтап, "Yntymaq" саяси партиясын құруға ниетті екенін мәлімдеген еді. Содан бері жекелеген елдегі оқиғаларға пікір білдіргені болмаса, саяси белсенділігі аса көрінбеген.
Мәжіліс
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлауы өтті. Ресми деректер бойынша, сайлауға қатысу 54,19% құрады. Бұл Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең төмен көрсеткіш болды.
Содан кейін мәжіліске үш жаңа партия өтті. ОСК мәліметтері бойынша, Парламентте жиналған орындар саны бойынша 40 мандат алған Amanat партиясы көш бастап тұр. "Ауыл" партиясының 8 мандаты бар, Respublica мен Ақ жол 6 орыннан ие болды. ҚКП – 5 орын.
Қазақстанда саяси партиясын тіркеп, саяси бәсекеге түскісі келген басқа да белсенділер – “Алға, Қазақстан” тіркелмеген партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев пен “Ел тірегі” тіркелмеген партиясының жетекшісі Нұржан Әлтаев сотталып кетті.