Әлия Назарбаева Астананы тау-тау болып үйілген қоқыстан неге тазарта алмай жатыр

Ulysmedia

Кейінгі екі аптада Астана тұрғындары тұрмыстық қалдықтар шығарылмай жатқанын айтып, шағымданып жатыр. Экология министрлігі сол жағдайға түсініктеме беруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж: ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерге күн сайын астаналықтар тау-тау боп үйілген қоқыстардың фото-видеоларын жүктейді. Қоқыстың көптігі соншалық, Clean City NC компаниясының қоқыс жәшіктерін көміп қалған.

Мұндай жағдай бүкіл қалада байқалады, кейбір жерде қоқыс бірнеше апта бойы шығарылмайды. Қала тұрғындары жақын арада қоқысқа батып, елордада зиянкестер мен инфекция тарала бастайды деп шағымданады.

Clean City NC құрылтайшысы - Green Future Management LTD. Оған бұрынғы президенттің қызы Әлия Назарбаевтың кіші қызы иелік етеді.

Монополияландыру және халықтың өсімі

Ulysmedia.kz тілшісі қалдықтарды басқару департаментінің директоры Динара Әжіғалиевадан түсініктеме беруді өтінген. Экология министрлігінің өкілі елордада қоқыс шығаруда мәселе барын растады.

Оның айтуынша, әкімдік 10 жыл бұрын қоқыс шығаратын компанияны бекіткен. Содан бері Астанада халық саны өсіп, ал Әлия Назарбаевамен байланысты компания өз міндеттемелерін орындай алмай жатыр.

– Астанада не болып жатқанына қатысты. Біз бұл мәселені әкімдікпен анықтадық. Олар 2013 жылы Астана қаласында халықтың белгілі бір санына арналып, қоқыс шығаратын компания анықталды деп мәлімдейді. Халықтың саны артты, тиісінше, бұл техника мен қоқыс шығаратын компания жұмысты еңсере алмай жатыр, - деп түсіндірді Әжіғалиева.

Тағы бір мәселе — жергілікті монополия. Әжіғалиева "Clean City NS" ЖШС әкімдік елордадан тұрмыстық қалдықтарды шығаруды сеніп тапсырған жалғыз компания екенін айтты.

– Былтыр біз бір аймаққа, бір қалаға бір қоқыс шығаратын ұйым қызмет көрсетпеуі керек деген түзетулер енгіздік. Жұмыс тоқтап қалмас үшін, олар кейбір секторларға бөлінеді. Қазір Астана әкімдігі қоқыс шығаратын ұйымды анықтау бойынша жаңа конкурс жариялайды. Яғни, бір емес, бірнеше ұйым сол іспен айналысады, - деп атап өтті шенеунік.

Ол жаңа компанияларды анықтау бойынша конкурс сәуір айында өтетінін айтты. Олардың саны қанша болатыны әлі белгісіз.

Неліктен Clean City NS қала тұрғындарының наразылығына қарамастан елордада жұмысын жалғастырып келеді деген сұраққа Әжіғалиева бұл әкімдіктің жауапкершілігі екенін айтты.

- Заңнамаға сәйкес экологиялық жағдайларды іске асыруға және сақтауға жергілікті атқарушы орган жауап береді. Иә, көріп отырмыз, мен өзім астананың тұрғынымын, қоқыстарды шығару бойынша іркілістер бар, - деп толықтырды ол.

Clean City NS

Бұған дейін экология министрлігінің басшысы Әлия Назарбаеваға тиесілі Clean City компаниясы бұдан былай Астанада қоқыс шығарудан ақша таппайтынын хабарлаған.

Алайда кейін министрдің сөзін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жоққа шығарды. Ол Назарбаеваның компаниясы әлі де елордада қоқыс шығаратынын айтты.