Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: unsplash

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын болады.

18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облысында, 17 наурызда Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын, жаңбыр аралас қар жауады. 

16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады. 

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі.