Газа секторындағы тұрғындардың төрттен бірі тойып тамақ ішпейді

Оралхан Қожанов

Кеше Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген алғашқы кеме келіп жетті, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Оның бортында 200 тонна азық-түлік бар. БҰҰ мәліметіне сүйенсек, аймақта тұрғындардың төрттен бірі тойып тамақ ішпейді.

Әскери қимылдардың салдарынан аймаққа құрлық арқылы азық-түлік жеткізу қиындаған. Қажетті көмек жермен де, көкпен де, тіпті теңіз арқылы жеткізіліп жатыр.

Естеріңізге салсақ, 8 наурыз, жұма күні АҚШ, Иордания, Мысыр, Франция, Нидерланд және Бельгия Газа секторына әуе арқылы гуманитарлық көмек тастаған болатын.