БҰҰ басшысы Газа секторы шекарасына барады

Ulysmedia

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Мысырдың Газа секторымен шектесетін жағына барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы france24.com ақпарат көзіне сілтеме жасап.

AFP

БҰҰ бас хатшысының сапары сенбіде болады деп хабарланды. Ол атысты тоқтату туралы үндеулерді қайта бастауға ниетті.

Антонио Гутерриш Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында Израильдің ірі әскери операцияны бастайтыны жөнінде жаңалық тараған шақта Газа шекарасына барады.

Рафаға басып кіру жоспарын халықаралық қоғамдастық сынға алып, бейбіт тұрғындар опат болатынын болжады. Бес айлық соғыстан кейін Палестина анклавының 2,3 миллион тұрғынының жартысынан көбі әлі сонда паналайтыны туралы ақпарат бар.

Көп адам Палестина-Израиль қақтығысы еврейлердің мұсылмандармен күресі деп санайды. Бұл іс жүзінде аумақ үшін күрес: адамдардың екі тобы бір жерге құқығы бар деп мәлімдейді. Бұл қақтығыстың нақты басталу күні - 1948 жылғы 14 мамыр. Израильдің негізін қалаушы әкесі Дэвид Бен-Гурион Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялаған күн. Палестиналықтар бұл күнді Аль Накбу – апат күні деп атайды.