Бішкекте ел басшылығына қастандық жасамақ болғандар ұсталды

Ulysmedia

Бішкекте ел басшылығына қастандық жасамақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҚМҰҚК

Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді. 

Ведомство мәліметінше, республика басшылығына қастандық жоспары Қырғызстандағы ұйымдасқан қылмыспен күрес аясында пайда болып, бұл шетелдік қылмыстық жетекшілердің наразылығын тудырды.