«Төбелесейік!»: Жәнібек Әлімханұлы Дэвид Бенеавидесті жекпе-жекке шақырды

Ulysmedia

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) шулы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: bassport.kz

Vesti.kz сайтының жазуынша, Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өткен жылдың соңында америкалық Деметриус Андрадені (32-1, 19 КО) жеңген WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион Дэвид Бенеавидеске (28-0, 24 КО) үндеу тастады.

Бенавидес, егер сен мықтылармен жұдырықтасқың келсе, төбелесейік! Біздің жекпе-жек жоғары деңгейде өтеді! Мұны сен де, жанкүйерлер де біледі! Егер сіз салмақ түсіре алмасаңыз, мен 168 фунтта жұдырықтасуға дайынмын. Жеңіл жұмыс! - деді Qazaq Style. 

Сонымен қатар көптеген бокс жанкүйері Бенавидестің мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегін көруді армандайды. Бірақ мексикалық боксшы бұл жекпе-жектен барлық жағынан аулақ жүреді. Осыған байланысты Жәнібектің мәлімдемесінің астындағы астарлы ойды қолдап, «Канелоны» масқаралағандар көп болды.

«Бұл шынымен керемет жігіт, ол ешкімнен қорықпайды», «Тіпті Андраде одан қашты, Дэвид не істейтінін көрейік», «Ол Канелоны жеңіп, нағыз боксшының қандай болатынын көрсетті», «Мен мына жекпе-жекті көргім келеді», - деп жазды бокс жанкүйерлері.