Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге жеткізілді

Ulysmedia

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қашқындар 5 жылдан астам уақыт бойы тергеу органдарынан Түркия Республикасының аумағында жасырынған.

Бүгін қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді.

 Екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.