×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Тасқын жазықтан келеді деп күтпедік – вице-министр

02.04.2024, 14:02
Коллаж: ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов жазық даладан тасқын қаупі төнеді деп күтпегендерін мәлім етті,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер шенеуніктен “Төтенше жағдайлар министрлігі тасқынға неге тағы дайын болмай шықты?” деп сұраған.

– 11 өңірдің 46 елді мекенінде тасқынның алды алынды. Түсініп тұрсыз ба? Су алған басқа  5 облыс туралы айтсақ, байқаған болсаңыздар, су өзендерден емес жазықтан келіп жатыр. Шынымызды айтсақ, су біз күтпеген жақтан келді. Яғни, су даладан келді. Байқаған болсаңыз, кейінгі 30 жылда судың артуы даладан туындаған жоқ болатын. Сондықтан бүгінгі таңда «Тасқынға қарсы дер кезінде ден қойдық деп айта аламыз. 46 елді мекенде судың үйлерге кіруін болдырмадық, - деді ол. 

 Вице-министрдің сөзінше, жазықтағы қар суын тасқынға қарсы дайындық кезінде есепке алу халықаралық тәжірибеде де жоқ.

– Мені дұрыс түсінбеген шығарсыз. Тағы да қайталап айтқым келеді,  осыған дейін болған тасқын жағдайлары реттелетін өзендермен байланысты тіркелді. Яғни, су қоймалары мен гидротехникалық имараттар бар аумақтарда орын алған. Ал даладан ағып келіп жатқан судың өзендермен қатысы жоқ. Яғни, қардың суы тұтастай даладан келіп жатыр. Бүгінгі таңда даладан келетін қардың суы ешбір елде ескерілмейді. Түсініп тұрсыз ба? Өзендерден, су қоймаларынан, бөгендерден келетін су ғана ескеріледі. Осыны түсіну керек, - дейді Сыздықов.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Серіктес жаңалықтары