Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакиден COVID-19 анықталғаны туралы хабарламадан кейін АҚШ президенті Джо Байден тест тапсырды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
reuters.com-ның мәліметінше, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псакидің коронавируспен ауыратыны анықталды. Ол Римде өтіп жатқан саммитке бармаған болатын.
Ол Джо Байденді Ақ үйде сейсенбі күні көргенін айтты. Олар 2 метр арақашықтықты сақтаған және маска тағып тұрған.
Ал Байден сенбі күні коронавирусқа ПТР-тест тапсырған және таза болып шыққан. Ол аталған тестті саммитке қатысар алдында елден шығу мақсатында тапсырған.
Бұған дейін 78 жастағы Джо Байден коронавирусқа қарсы үшінші екпені салдырды.