×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Ақыры бәріне унитаз кінәлі деп жазатын шығар»: Бишімбаевтың сотында тергеуге белгісіз хат оқылды

08.04.2024, 11:51
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы бүгін де жалғасып жатыр. Экс-министрді қорғаушы тарап соттан Салтанат Нүкенова жазған мәлімдемені іс материалдарына тіркеуді сұрады. Алайда Нүкенованың туыстарының адвокаттары бұл хаттың Салтанаттың жазғанына күмән келтіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Судьяны таңғалдырып, адвокатты ашуландырған хат

Сотталушының адвокаттарының бірі Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың блокнотына жазылған жазбаны оқыды. Оның айтуынша, Салтанат Нүккенова кезінде Қуандық Бишімбаевтың атына жазған.

– Ол (Салтанат) оған (Бишімбаевқа) өтініш жазды. Мәлімдеме дәл осы жағдайларға қатысты. Ол өзара сенімді қалпына келтіруге уәде береді. Атап айтқанда, оның дәптерінде Нүкенованың өз қолымен жазған жазбасы бар, - деді Ғазымжанов.

Осыдан кейін қорғаушы хатты оқыды:

– Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін. Оған сенемін, қызғанбаймын деп уәде берем. Психологқа үнемі баруға, өзіммен жұмыс істеуге серт етем. Мен шын жүректен, мойынсұнып, Қуандықты құрметтейтін болам. Отбасы ошағын қорғайтын, сүйіспеншілікке толы әрі қамқор әйел болам. Боқтамаймын, әңгіме шығармаймын. Егер сондай жағдай болса, түсіністікпен қараймын әрі өзімді ұстаймын, ант етем. Мен оның пікіріне сенем әрі ол маған жақсылық тілейді деп сенем. Мен сүйікті Қуандыққа қамқорлық жасауға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқимын, санаммен жұмыс істеймін, рухани өсем әрі Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын".

Бишімбаевтың адвокаттары Салтанат Нүкенованың жазған хаты Бишімбаевтың оны азаптады деген нұсқаны жоққа шығарады деп санайды.

Хаттың мәтіні судья Айжан Көлбаеваны таңғалдырған сынды.

– Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме алатынын жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелінің күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет естіп отырмын, - деді Көлбаева.

Қорғаушы тарап соттан хатты іс материалдарына тіркеуді сұрады. Сот процесі барысында бұл хаттың тергеу органдарына берілмегені айтылды. Бишімбаев бұл өтінішті қолдап, екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сот шешімін қалдырды.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Игорь Вранчев өтінішке кекесінмен қарады.

–  Басты сот талқылауының соңында Салтанат Нүкенованың, бәлкім, бірден сот пен алқабилердің атына бірден "бәріне унитаз кінәлі" деген хаты шықса таңғалмаймын, - деді Вранчев.

Судья Көлбаева Бишімбаевтың адвокаттарына айтылған арызды іс материалдарына қосудан бас тартты.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары