×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

«Бар шотымды балаларыма сыйлаймын»: Бишімбаевтың Салтанаттың өлімінен кейінгі «өсиеті» жарияланды

17.04.2024, 17:38
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін сотта сотталушы Бақытжан Байжановтың ұялы телефонынан Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенова көз жұмған күні түсірілген жаңа видеосының дауысы тыңдалды. Байжановтың сөзінше, жедел жәрдем қызметкерлері Салтанаттың жүріп кеткенін айтқаннан кейін экс-министр өзін видеоға түсіруді өтінген - "өсиет" қалдырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кейін есіне түскен жазба

Прокурор сотта видеоны көрсетпесе де, аудиодыбысты тыңдатты. Видеоның біреуі 9, екіншісі 12 секундтық екені, 2023 жылдың 9 қарашасында сағат 20.17 кезінде түсірілгені айтылды.

– Бар затымды, бар құндылықтарымды, шоттарымды балаларыма сыйлаймын. Назымға сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы. Соның 10 пайызын мен Мансур, Карим, Ранияға сыйлаймын. Назымға сыйлаймын. Осыны айтам, – деген Бишімбаев.

Алдымен, бұл видео қайдан екенін Бишімбаев білмейтінін айтқан. Алайда дауысы бүкіл залға естіліп айтылғаннан кейін есіне түсіргендей болды.

– Иә, есіме түсті. Менде пышақ болған, олар менің қолымды қайырып, алып алды. Мен сол кезде Байжановқа маған бірдеңе болса, барым балаларыма берілсінші деп айттым, – дейді экс-министр.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары