Қырғызстанда Тiktok бұғаттала бастады

Ulysmedia

Tiktok әлеуметтік желісі Қырғызстанда бұғаттала бастады деп хабарлайды Ulysmedia.kz Бұл туралы Қырғызстанның Kaktus.media ақпараттық агенттігі жазды.

Ашық дереккөзден

Не себепті? 

Ақпараттық агенттіктің хабарлауынша бұған "әлеуметтік желінің мазмұнды цензуралауға қатысты жүйелі және принципті көзқарасының болмауы" себеп.  

Ресми орган не деді?  

"Шешім шығаруға TikTok тарапынан Қырғыз Республикасының" Қырғызстандағы балалардың денсаулығына және физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы" Заңының 2-1 – бабының сақталмауы негіз болды. Оған сәйкес балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталды", - деді министрлік. 

  

Айта кетейік, 2023 жылғы 30 тамызда Қырғызстанның Мәдениет министрлігі ел аумағында TikTok сервисінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған еді.