×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

"Біз служить еткенде..." - су тасқынына қарсы 5,5 мың әскери қызметші тартылған

20.04.2024, 16:18
Қорғаныс министрлігі

Бүгінде Қарулы күштердің әскери қызметшілері су басқан өңірлердің тұрғындарын эвакуациялау, су басу қаупі бар жерлерді күшейту, өзендердің, көлдердің және көшелердің жағасында құм салынған қаптарды нығыздап салу, сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды ауыз сумен және жарықпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындап жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулиннің айтуынша, Қарулы күштер жеке құрамының күшімен өзендер, көлдер жағалауына, елді мекендердің маңына 940 мыңнан астам құм салынған қап дайындалып, бөгеттер нығайтылған.

«Су тасқынына қарсы іс-шараларға ҚР Қарулы күштерінен жалпы 5 441 әскери қызметші, 227 автомобиль техникасы, 12 армиялық авиация тікұшағы, 5 әскери-көліктік авиация ұшағы және 3 ұшақ жұмылдырылды. Елді мекендерден 3 300-ден астам адам эвакуацияланды, 1 238 адам және 213 тонна жүк тасымалданды», - деді Р. Жангулин

Естеріңізге салсақ, Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары