×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бишімбаев ісі: сот залына журналистерді кіргізетін болды

22.04.2024, 10:10
Фото: Ulysmedia.kz

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі бүгін де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бүгінгі сотта судья Айжан Құлбаева журналистерді қайтадан сот залына кіргізу немесе кіргізбеу мәселесін көтерген. Судьяның айтуынша, алқа билердің түрі көрсетілген видеоны КТК арнасы таратқаны белгілі болған. “Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ескерту жасалды” деді ол. Осыған байланысты судья журналистерді сот залына кіргізу мәселесі бойынша тараптардың пікірін білген.

Айыптау тарапы, жәбірленуші тарап та бұған қарсы болмады, бірақ Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сот залына кіруіне қарсы шықты. Екінші сотталушы Байжанов журналистерді кіргізуге қарсылық білдірмеген еді.

Судья сот залына журналистерді кіргізу жөнінде шешім қабылдады.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары