×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Күнде бір тосын жаңалық. Бишімбаевтың сотында не болып жатыр

24.04.2024, 18:28
Күнде бір тосын жаңалық. Бишімбаевтың сотында не болып жатыр
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бишімбаевтың соты бүгін тағы тартысты өтіп жатыр. Талқы күннің екінші жартысында күрт тың арнаға бұрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінде процестің қалыпты күйін Ресейден келген коуч Наталья Грейс бұзды. Ол күтпеген жерден сот залында пайда болып, жан-жағын суретке түсіре бастады. Бұған жәбірленуші тараптың адвокаттары бірден жауап қатып, ол зорлық-зомбылық көріністері болған ноутбук мониторын әлгі коуч түсіріп алды деп айыптады. Алайда Грейс фактіні мойындамаған жоқ, камераны сот орындаушыларына тексеруіне тура келді. Ақыры, дау реттеліп, адвокаттар ноутбукты үстелдің астына қойды.

Күтпеген жерден процестің бірінші жартысында сотталушы Бишімбаев қорғау жағымен дауласа бастады. Адвокат Әлия Омарова сұрақ қойса, сотталушы жөнді жауап бермейді.

Әдетте өзін ұстамды ұстайтын судья жәбірленуші тараптың адвокаттарына ескерту жасады. Оның пікірінше, олар процесті кешіктіреді әрі бірдей сұрақты әр түрлі қырынан қояды.

- Сот тергеуін түйіндеу керек. Дәл сол сұрақтар, жан-жағынан қойылып жатыр, - деді ол.

Бұл ретте судтя Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарына осындай ескерту жасаған болатын.

Сот кулуарларындағы үзіліс кезінде коуч қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбекті қандай да бір коммерциялық ұсыныс жіберіп, телефонын көрсетті деп айыптады. Ол жерде Айтбек "Сәтжанның көмекшісі" деп жазылып тұрғанын айтты. Журналист Динара Сәтжанды айтқаны ма, белгісіз.

– Мен бірнеше күн бойы Айтбекпен хат жазысып жүрдім, сонымен қатар менің продюсерім Ирина Молчанова да жазды. Басында бізге "бос емес" деп айтатын, содан кейін әңгіме "менде бәріне жауап беретін менеджер бар"дегенге келді. Мұны маған құрметті Айтбек айтты, - деді Наталья Грейс.

Марқұмның ағасы бұл мәлімдемелерге шынымен таңғалғанын жасырмайды. Сонымен қатар, Наталья Грейс көмекшісіне "ақша үшін сотқа кіргізуге дайынбыз" деп хат жазылғанын айтады. Хат-хабарлардың скриншоттарын көрсетпеді, журналистер де, Айтбек Амангелді де дәлел сұраған.

Наталья Грейс жағдайды түсінгісі келетінін, білімі бойынша нейрохирург екенін айтты, содан кейін өзінің бақылауларына сүйене отырып, кенеттен Бишімбаев аффект жағдайында қылмыс жасағанын айтты. "Абайсызда өлтіру" нұсқасын қорғау жағы да ұстанып отыр.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.