Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті

Ulysmedia

Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Оқиға Райымбек-Сүйінбай даңғылының қиылысында болған.

25 сәуірде сағат 15:05-те ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданына, Райымбек даңғылына, Сүйінбай көшесінің қиылысына автобустың өртенгені туралы хабарлама бойынша жіберілді. Оқиға орнында өрт сөндіргіші бар оқпандар берілді, – деп түсіндірді Алматы қаласы ТЖД.