Өзбекстанда Telegram, Instagram, YouTube және басқа да әлеуметтік желілер бұғатталды

Ulysmedia

Өзбекстан бірқатар әлеуметтік желілерді бұғаттап тастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

gazeta.uz-дің мәліметінше, Өзбекстанда TikTok, Twitter, «ВКонтакте» және Skype сияқты бірқатар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталды, сондай-ақ Telegram, Facebook, «Одноклассники», YouTube сияқты желілерге де шектеу қойылды.

Бұған «Өзбекстаннан тыс жерде Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін сақтау және өңдеу» себеп болған.