Чилиде белгісіз топ жүк пойызын өртеп жіберді

Ulysmedia

Оқиға елдің батысындағы Ла Араукания аймағында болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

unn.com.ua-ның мәліметінше, қарақшылар шойын жолға бөгет қойып, салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Одан кейін шабуылдаушылар вагондарды өртеп жіберген. Осы оқиғадан кейін Виктория және Темуко қалаларындағы пойыз қозғалысы тоқтатылған.

Вагондардың ішінде қағаз дайындауға арналған целлюлоза болған. Оны Вальдивиядан Консепсьон провинциясына әкеле жатқан.

Аталған шабуыл билік пен мапуче деп аталатын этникалық топтық келіспеушілігінен болған болуы мүмкін. Сол аудандағы билік өкілі Виктор Маноли бұл вагондардың орнында жолаушылар отырған вагондар болуы мүмкін екендігін, бұл террористік әрекет екенін айтты.