Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді

Оралхан Қожанов

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы гидробекетте бір тәулікте бірден 19 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 27 сәуір күнгі сағат таңғы 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ тұсында су деңгейі 581 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Есесіне басқа гидробекеттерде Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 864 (-8, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 851 (-4, 850 см), Көшімде 852 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Облыстың басқа да өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Жайық өзенінде су деңгейі сәл ғана төмендегенін жазған едік.