Петропавлда балаларға азғындық жасамақ болған зейнеткер сотталды

Ulysmedia

Петропавлда балаларға азғындық жасамақ болған зейнеткер сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарды азғындаған егде жастағы ер адамға үкім шығарды.

Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі («Балаларды азғындық жолға түсіру») бойынша жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот ер адамның зейнеткерлік жасын ескергенмен, қылмыстық құқықбұзушылықты мас күйінде жасауы жазасын жеңілдетпеді, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әскер қатарына алынған екі жігіт қашып кеткен

Үкім заңды күшіне енген жоқ.