×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Күйеуімнің қателігі – бейқамдығы»: Байжановтың әйелі сотта сөйледі

03.05.2024, 17:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжановтың әйелі Айнұр Құлдеева алқа билер мен судьядан күйеуін қатаң жазаламауды, үйіне қайтаруды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бақытжанның аңқаулығы”

Бақытжан Байжановтың әйелі алдымен, Салтанат Нүкенованың туған-туыстарына көңіл айтты.

– Бақытжанмен мен 2016 жылдан бастап заңды некедемін. Үш баламыз бар. Жеті айлық қызымыз бар. Екі күн бұрын ұлымды балабақшадан алып келе жатқан кезде “ұлым қайда, ол неге үйге келмейді, бізді жақсы көрмей ме?” деп сұрады. Мен не дерімді білмедім. Ұлым әкесінің қайда, не істеп жүргенін білмейді. Бақытжан түрмеде отырғалы қатты уайымдап, өзі де қатты қынжылып отыр. Біз Бақытжан екеуміз 2016 жылдан бастап қатты ұрсысып, ренжіскен емеспіз. Әрине, отбасында болады. Бақытжан өте тәрбиелі, иманды, қамқор, өзі ісіне адал, бәріне көмектесуге тырысып жүреді. Ол расымен, Салтанаттың сондай қиын жағдайда екенін өзі түсінбеді. Ол ағасының айтқанына сеніп, ұйықтап жатыр деп ойлады. Бишімбаев ағасы, жұмыс берушісі. Менің ойымша, жұмыс берушінің айтқанынан жұмысшы сұрақсыз орындайды деп ойлаймын. Әттең, Бақытжанның аңқаулығы, ағасына деген аса құрметі Салтанаттың жалаңаш түріне мән беріп қарамауы деп ойлаймын. Сондықтан, жазықсыз жазаламауды өтініп сұраймын, – деді ол.

Айнұр Құлдеева күйеуімнің қателігі – Салтанатқа көмек бере алмауы, жедел жәрдемге ертерек хабарласпауы, ағасының Салтанат ұйықтап жатыр деген сөзіне сеніп, бейқамдық танытқаны деп есептейді.

– Құрметті сот, құрметті алқа билер! Менің күйеуімнің орнында кез келген адам болуы мүмкін. Бұл біздің отбасымызға берілген үлкен сынақ! Жолдасым ағасының айтқанын жасап, қателігі үшін кешірім сұраймыз. Тек Бақытжанның емес, отбасымыздың тағдыры шешіледі. Балаларымыздың әкесіне деген шексіз махаббатынан айырмауды сұраймын. Жеті айлық қызым әлі әкесін көрген емес, – дейді Байжановтың әйелі. 

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары