«Жаңбыр, бұршақ»: 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: astana.gov.kz

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі. 

Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, батыста, оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады.  

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.