×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Қазақстан елшілігінің кеңесшісі зорлық жасады деп айыпталды: әйелінің жағдайы қалай

09.05.2024, 17:15
Фото: Instagram / korgau_astana

Дипломаттың әйелі күйеуімен – Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Мамашпен ажырасқалы отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дипломаттың әйелі Карина Мамаш "Қорғау" дағдарыс орталығында жүгінген.

Толығырақ

– Карина Мамашш әлеуметтік желілер арқылы жұбайы өзіне он жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық жасап келгені жөнінде ақпарат жариялады. Сондай-ақ, 5 мамырда дипломат Каринаны және оған қонаққа келген үлкен әпкесін сабап тастаған. Жазбасы арқылы ол көмек сұрады.

Қазіргі уақытта Карина Мамаш әпкесі, балаларымен бірге Қазақстанға үйіне оралды.

Әуежайда Каринаны жақын достары күтіп алған. Бірақ жұбайының туыстары да сол жерге келген. Балалары үшін қорыққан Карин дағдарыс орталығына жүгінген. Қазір ол әпкесімен және балаларымен дағдарыс орталығында: Онда оған психолог, заңгер қызметі көрсетіледі, - деп хабарлады орталықтан.

Каринаның оқиғасы

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешіп, Карина көп өтпей елге оралды.

Серіктес жаңалықтары