«Жапония мен Кореяға виза алып беремін»: Азаматтардан 500 мың теңгеге дейін ақша алған алаяқ ұсталды

Ulysmedia

Ол өз құрбандарынан  150 мың мен 500 мың теңге арасында ақы алып, виза жасап беруге уәде еткен, деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Алматылық блогер

Күдікті алматылық блогер екені анықталған. Ол азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімедеп беруге көмектесемін деп уәде етіп, ақша алып отырған.

Сондай-ақ, ол өзінің блогында осы екі мемлекетте табыс табудың жолын көрсетіп ақыл-кеңестер айтып отырған. 

"Күдікті ұсталды. Оның үстінен 15 адам полицияға арызданды,"- деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.

Алайда алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары.

Зардап шеккендер 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40 телефондарына хабарласуға болады.