×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшыларының мессенджерін бұзды

16.05.2024, 16:20
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл ақпаратты Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Белгісіз тұлғалар Қазақстанның Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзды. Осыған байланысты, бұзылған нөмір аккаунттары арқылы әртүрлі зиянды сілтемелер, дұрыс емес ақпараттар мен  өтініштер келуі мүмкін. Мұндай хабарламаларға сенбеулеріңіз және оларды ескермеулеріңіз сұралады, - деп хабарлады министрліктің өкілі Шыңғыс Ілиясов.

Мессенджерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін министр Алмасадам Сәтқалиев БАҚ-тан кешірім сұрауды талап еткен еді. Оның айтуынша, АЭС-ке байланысты жалған ақпарат таратқан басылым “менен кешірім сұрауы керек” деді. Бірақ нақты басылымды атамады. Оның сөзінше, қазір өңірлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал референдум өтетін күн әлі белгіленбеген.

Серіктес жаңалықтары