Қазақстанда енді медбикелер де диагноз қоя алады

Ulysmedia

Қазақстанда енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоюға құқылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не болды

Денсаулық сақтау министрлігі бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттердің уақытын үнемдеуге әсер етеді деп мәлімдеді. Сондай-ақ медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік бермек.

Емханаларда дәрігерлер мен мейіргерлердің міндетін қайта бөлу нәтижесінде орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Яғни мейірбикелер кейбір тексерулерді өздері жүргізіп, жолдама жазады.

Арнайы білім алады

Ол үшін орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алады. Оқу мерзімі қанша уақытқа жалғасатыны әзірге белгісіз.

Тұрғындардың бұған қатысты пікірі екіге жарылған. Бірі дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесін шешеді десе, енді кейбірі бұған қарсы. Себебі жоғары білімі жоқ мамандарға адамның денсаулығын тапсыру дұрыс емес деп отыр.