«Имамның ставкасы 30 мың» Арыстың имамдары жаназа шығару құнын белгілеп қойған

Ғалиасқар Думан

Азаматтар бұлай жалғаса берсе жағдайы жоқтар жанасыз кететіндігін айтып күйінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Бұл жағдай туралы телеграмм арналардың бірі жазды.  

Автордың айтуынша Арыстық имамдар жаназа шығару құнына белгілі бір ақы бекітіп қойған. “Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші?” дейді ол.  

“Біздің Арыста участкелік имамдар жаназа шығаруға 30 мың теңге деген ставка қойып қойыпты. Неге деген сұраққа «беташарға» да бересіңдер ғой деген уәждері дайын дейді. Қуаныш пен қайғыны ажырата алмаса бір-бір мешітте даңғарадай сәлде киіп несіне жүр десеңші? Тұра бара жағдайы жоқтар жаназасыз кететін түрі бар қысқасы. Бұрындары қазіргі қаланың Бас имамының алдында екі азамат қызмет еткен. Олар бар кезде осылай жаман аттары шықпаған болатын учаскелік имамдар арасында. Бәленің барлығы қазіргі Бас имамда ау деп отырмын,”- дейді қоғам белсендісі.  

Бұл жазбаны желідегі азаматтар қызу талқылап жатыр. “Біздің ауылда жаназа шығару 80 мың”, “Осыларды орнына қою керек” деп жазған желі қолданушылары. Арасында “олар да адам ғой”, “ғайбат сөйлемеңдер”, “клубқа да тегін бармайсыңдар ғой” деп жазғандары да бар.  

Бұған дейін

Екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруды насихаттағаны, сондай көзқарасты немесе үндеулерді таратқаны, сондай-ақ мұндай әрекеттерді ынталандырғаны үшін 15-30 БРВ мөлшерінде айыппұл қарастырылған (көрсетілген БРВ сомасы 4,95-9,9 миллион сумға дейін, шамамен 406 - 811 доллар аралығында) немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынатынын жазған едік. Материалдың толық нұсқасы мына сілтемеде.

Сондай-ақ, “әмин” деп дауыстап айтқаны үшін мешітте төбелес болғанын жазған едік. 

Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.