×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Норвегия билігі Ресей азаматтарын елге кіргізбейтін болды

23.05.2024, 19:17
Норвегия билігі Ресей азаматтарын елге кіргізбейтін болды
ашық дереккөзден

Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптайтын Норвегия билігі елге тек туыстарына, оқуға немесе жұмысқа келетін ресейліктерді ғана кіргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Норвегия 29 мамырдан бастап елге туристік және "басқа да маңызды емес мақсаттар үшін" келген Ресей азаматтарын елге кіргізуден бас тартты. Бұл жайлы ел үкіметі ресми ақпарат таратты. Хабарламада бұл шара туристік виза алған ресейліктерге де және Шенген келісімінің басқа елі берген виза иелеріне де қатысты екені түсіндірілген.

Үкімет Норвегияда тұратын ата-аналарына, жұбайларына немесе балаларына қонаққа баратын Ресей азаматтары үшін, сондай-ақ Норвегияда немесе басқа Шенген елдерінде жұмысқа немесе оқуға баратын ресейліктер үшін ерекше жағдай жасалуы мүмкін екенін атап өтті.

Жаңа шектеулер

Норвегияның әділет және қоғамдық қауіпсіздік министрі Эмили Энгер Мель "елге кіру мүмкіндіктерін шектеу туралы шешім Норвегияның, одақтастарымыздың және серіктестеріміздің Ресей агрессиясына қарсы бірлесіп әрекет ету қажеттілігіне сай ортақ ұстанымға сай келеді" деп түсіндірді.

Норвегия билігі Мурманск облысымен шекарадағы "Стурскуг" шекара бекетіндегі жағдайды мұқият қадағалап отырғанын және "қажет болған жағдайда шара қабылдауға дайын" екенін айтты.

Ресейдің Украинаға қарулы шабуылынан кейін 2022 жылдың ақпанында Еуропа бірқатар елі ресейліктерге туристік виза беру ережелерін күшейткен еді. Кейбір жағдайда оны тіпті беруден бас тартты. Еуродақтағы Финляндия, Эстония, Латвия, Литва, Польша және Чехия - туристік мақсатта ресейліктерге ЕО-ның сыртқы шекарасы арқылы кіруге тыйым салды.