Чехия президенті жарақат алып, ауруханаға түсті

Ulysmedia

Чехия президенті Петр Павел мотоциклмен келе жатып жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: dzen.ru

РБК сайтының жазуынша, 62 жастағы мемлекет басшысы ауруханаға жатқызылған.

Чехия басшысының кеңсесі журналистерге жарақаттың ауыр емес екенін, бірақ президент біраз уақыт Орталық әскери госпитальда бақылауда болатынын айтты.

Дәрігерлер де президент алған жарақат оның өміріне қауіп төндірмейтінін растады. Ал құқық қорғау органдары жағдай жабық спорттық жолда болғанын айтты.

Басылым Павелдің мотоциклге деген құмарлығымен танымал екенін атап өтеді. Ол 2015 жылдан 2018 жылға дейін НАТО әскери комитетінің басшысы қызметін атқарып жүргенде мотоцикл мінгенді ұнатқан және президент болған кезде де хоббиін жалғастырған. Сәуірде чех басшысы мылтықпен оқ атқан кезде жараланған болатын.