Бұған дейін қамаудағы журналист Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығы нашар екенін жазған едік. Бүгін әлеуметтік желіде оның жедел-жәрдемнің көмегіне жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Видеоны белсенді Абзал Достияр өзінің парақшасында жүктеді.
Бейнежазбадан жедел-жәрдем көлігі мен қызметкерлерін байқауға болады.
“Кедергі жасамаңыздар. Жол беріңіздер,” – дейді видео сыртындағы бейтаныс дауыс.
Келгендердің арасынан “Думанға сәлем айтыңдар” деп айғайлағандарды да естуге болады.
Бұған дейін
Үш айлық үзілістен кейін Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы нашарлап, сотқа таяқ ұстап келгенін жазған едік.
Алмас Тілепов “бұлар қалайда Думанды кінәлі етіп көрсеткісі келеді” деп қосты.
Істі созған себебі – бұған дейін Думанды жұлқылап, суық машинамен әкеліп, қайтадан апарды. Зорлық-зомбылық көрдім деп Думан арыз жазған, бірақ іс қозғаған жоқ. Біз апелляцияға беріп қойдық. Оның үстіне бұлар біздің психологтың сараптамасын қабылдамай қойды. Бұлар біржақты Думанды кінәлау үшін жұмыс істеп жатыр.
Думан Мұхаммедкәрім жайлы
Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген.
Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады.
Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін "экстремизмді қаржыландырды" деген айып тағылған еді.
Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.
Таяуда Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхамедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді.