×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Тоқаев Қазақстанның балаларын мерекесімен құттықтады

01.06.2024, 09:20
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құттықтау

– Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі, ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды. Мен жас ұрпақ Әділетті Қазақстанның негізгі қағидаттарын нақты жүзеге асырып, «Адал азамат» тұжырымдамасының озық идеалдарына толық сай болады деп сенемін, – дейді Тоқаев құттықтауында.

Ол үшін президент бүкіл қоғам болып жалпыұлттық құндылықтарымызды ұрпақтың бойына сіңіруіміз және оларды еңбекқорлық пен білімпаздыққа баулуымыз керек дейді.

– Сондай-ақ төл тарихымыз бен мәдениетімізді құрметтеуге үйретуіміз қажет. Барлық бала ата-анасы мен жақындарын оқудағы, шығармашылық саладағы және спорттағы жетістіктерімен, жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылысымен қуанта берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін! – дейді президент.

Халықаралық балалар күні

Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген. БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Бұл күн 1949 жылғы қарашада Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен бекітілген. Аталған мерекені әлемнің 30-дан астам елі атап өтеді. 

Ресми мәліметтер бойынша, Қазақстанда бүгінгі таңда 6,8 млн бала тұрады.

Серіктес жаңалықтары