×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ресей әскерилері украин тұтқындарын сабап, КСРО гимнін айтқызған

04.06.2024, 09:53
скриншот

Украина тұтқындарды ұрып-соғып, КСРО әнұранын айтуға мәжбүр еткен видео жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода көзі байланған тұтқындарды орман жолымен тізбектеп жүргізеді. Оларды ертіп жүрген әскерилер тұтқындардан әнұран айтуды талап етеді, содан кейін алда жүргендерді ұрады.

– Оқ өтпейтін жилетке оқ өтпейді деп ойлайсың ба, — дейді жауын бірі соққыдан құлаған тұтқынға.

– Өлтірейік пе? - деп сұрайды екіншісі.

Ол орнынан тұрмаған кезде, ресейлік әскери басына жақын тұстан оқ жаудырады.

Харьков облыстық прокуратурасы Украинаның қауіпсіздік қызметімен бірге соғыстың заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу туралы бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Видеодағы Ресей әскери қызметкері

"Суспильне" телеарнасының мәліметі бойынша, бейне түсірген әскерилердің бірі – Санкт-Петербургтен келген 32 жастағы Алексей Киприн. Бейнеде оны "Барс" деп атайды. Киприн өзінің әлеуметтік желілерінде "2014 жылдан бастап Ресей күзетінде" деген түсініктемемен әр түрлі жылдардағы әскери киімдегі фотосуретті жариялаған.

Журналистер Кипринмен WhatsApp-та байланысқа шыққан. Ол ресейлік пропогандиспен хат жазысып жатырмын деп ойлап, жауап берді:

– Әнұран нашар айтылды. Желкелеп, әскери тұтқындар лагеріне жеткіздік, - деген ол.

Серіктес жаңалықтары