Қостанайда полиция департаменті патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бәрі күйеуі мен әйелінің арасындағы даудан басталған. Кейін бұл жанжалға ұласқан. Эмоциясын бақылай алмаған еркек әйелін электр ұзартқышпен қылқындырған. Салдарынан әйел сол жерде көз жұмған.
Жұбайын мерт қылғандығын кейіннен ұғынған ол мұнымен тоқтап қалмаған. Мәйітті гаражға апарып, онда ол өзіне қол жұмсағандай есіп көрсетуге тырысады.
Сот-медициналық сараптамасы марқұм әйелж механикалық асфиксия салдарынан көз жұмғанын растаған.
Сотталушы сотта кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.
Сотталушының кінәсі сотталушының, жәбірленушінің, куәгерлер мен сарапшылардың айғақтарымен, қылмыстық іс материалдарымен, оның ішінде тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сот сараптамалары мен зерттеулерінің қорытындыларымен дәлелденді.
Сот сотталушыны жұбайын өлтіргені үшін кінәлі деп тауып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ ол «полиция аға лейтенанты» арнайы шеніненн айырылды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.