Алдағы уақытта Чехия мен Германиядан осындай түз тағысының тағы қырыққа жуығын әкелу жоспарланған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігіне сілтеме жасап.
Елшіліктің хабарлауынша, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай үш керқұлан Қазақстанға сәтті жеткізілген. Бұл Алтын Дала табиғатты қорғау бастамасының аясында жүзеге асырылған.
Бейімделу кезеңінен кейін оларды далаға жіберу жоспарланған.
Чехия мен Германиядан барлығы осындай 40 жылқыны қазақ даласына әкелу жоспарланған.
- Мұндай маңызды табиғатты қорғау шараларының бүгін жүзеге асырылып жатқаны керемет, – делінген елшілік хабарламасында.