Түнгі автобустар: Астана тұрғындары үшін жақсы жаңалық

Ulysmedia

Астана қаласындағы жолаушылар автобусына жауапты компания алдағы демалыс күндері №201, 202, 203 түнгі маршруттар тұрғындар үшін қызметке шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Автобустар 9 маусымға қараған түні жұмыс істей бастайды. Олар 00.00-ден 6.00-ге дейін болады.  

Түнгі маршруттар мына схемалар бойынша жүреді:  

  • № 201 Маршрут: теміржол вокзалы - "Пригородный" ЖМ;  
  • № 202 Маршрут: "Отау" Шағынауданы-Жағалау; № 203 бағыт:  
  • "Көктал-1" тұрғын алабы - "Нұрлы жол" Теміржол вокзалы.  

 "Аvtobys мобильді қосымшасында маршруттардың қозғалысын бақылай аласыз. Олар 00.00-ден 06.00-ге дейін жұмыс істейді. Жол жүру құны-90 теңге", - деп нақтылады ұйым. 

Бұған дейін

Жолаушылар мінген автобус Алматы - Шелек - Қорғас тас жолында жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан автобустың жүргізушісі қаза тауып, 11 адам жарақат алған еді.   

Одан ертерек Алматы облысы Кеген ауданында тас жолының тік бұрылысында туристерге толы автобус аударылып қалған.