Ресейде түрмелер жабылып жатыр

Сырым Қаржас

2022 жылы ақпанда Украинаға басып кірмес бұрын Ресей түрмелерінде 465 мың адам болған. Қазір де олардың саны 266 мыңға дейін азайғаны айтылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Настоящее время арнасына сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

Қай облыстардағы түрмелер жабылды

Ресейдің Украинаға басып кірер алдында ресми статистикаға сәйкес, Ресей түрмелерінде 465 мың тұтқын болған. 2023 жылдың бірінші қаңтарында, Жазаларды өтеу федералды қызметі (ЖӨФҚ – ФСИН) мәліметтері бойынша, олардың саны 433 мың болған. Содан бері Ресей билігі мұндай ақпаратты жариялауды тоқтатты. 2023 жылдың қазан айында Ресей Әділет министрінің орынбасары Всеволод Вуколов Ресей колонияларында 266 мың адам барын айтты. Яғни соғысқа дейінгі саннан бұл 200 мың адамға аз. ВВС мәліметтері бойынша, 2023-2024 жылдары Свердловск және Нижний Новгород облыстарында, Красноярск өлкесінде және Коми Республикасында түрмелер жабылған.

Вагнер

Журналистер зерттеулерінде "Вагнер" жеке әскери компаниясына түрмелерден жиналғандардың санын есептеп шыққан. Олардың ішінде Украинаның Донецк облысындағы Бахмутты басып алғандар бар. Журналистер тергеуінде қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төлеу туралы құжаттарға негізделген. Себебі сотталғандарға реттік нөмірлер беріледі. Құжаттарда көрсетілген ең үлкен нөмірге сәйкес, "Вагнер" ЖӘК-те 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап 2023 жылдың 7 ақпанына дейін 48 мың 366 адам қабылдануы мүмкін.

Пригожиннен кейін де түрмеден жинады

Сол тергеу деректеріне сәйкес, майданда ЖӘК-тің 20 мыңға жуық жалдамалысы қаза тапқан болуы мүмкін, оның 17-сі түрмелерден тартылған. Соғысқа қатысқаннан кейін тағы 30 мың адам бостандықта болуы мүмкін. Бірақ Украинаға қарсы соғысқа түрмеден адам тарту Евгений Пригожин қайтыс болғаннан кейін де жалғасты.

"50 мыңға жуық адамды "Вагнер" ЖӘК басшысы болған Евгений Пригожин жинады. Бұл көрсеткіш қазір құжатталған және ол бұл көрсеткішті бірнеше рет айтқан. Пригожин өлгеннен кейін орнына Қорғаныс министрлігі келді, ал Қорғаныс министрлігі Пригожинге қарағанда әлдеқайда көп жалдайды, - деп растады "Русь сидящая" қорының жетекшісі Ольга Романова.

Оның айтуынша, Ресей қорғаныс министрлігі ай сайын ондаған адамды майданға жіберетін тұтқындарды жалдау функциясын өзінен алынып тастаған.