Полиция Атырауда әйелді пышақтаған ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр.
9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, - делінген Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда ер адамның әйелді пышақтағаны видеоға түсіп қалғанын жазған болатынбыз.