Таразда автобус 58 жастағы әйелді қағып кетті

Ulysmedia

Таразда маршруттық автобус 58 жастағы әйелді қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: Рolisia.kz

“11 қарашада таңғы сағат 08:50 шамасында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында көлік құралының қозғалысына қатысты жолды оңнан солға қарай кесіп өткен 58 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті”,-  делінген хабарламада.

Соқтығысудың салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Кінәлі адам Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.