×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Туды таптаған қақпашы "Қайраттан" кетті

20.06.2024, 22:35
Туды таптаған қақпашы "Қайраттан" кетті
Ашық дереккөзден

Бұл туралы алматылық футзал клубының ресми сайты жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматылық “Қайраттың” капитаны клубта 13 жыл ойнаған. 

Осы уақыт ішінде он екі мәрте Қазақстан чемионы, екі мәрте Уефа кубогының иегері атанған. 

“Капитанымыз Леонардо Игита клубтағы 13 жылдан кейін командадан кетеді,”- деп жазды “Қайраттың” ресми парақшасы. 

Бұған дейін

Дау тудырған оқиға  Алматыдағы екінші финалдық ойыннан кейін болған. Игита клубтық автобусқа бара жатқанда жанкүйерлер оның аяғының астына  "Ақтөбе" және "Астана"шарфтары мен жалауларын төсеп қойған. Алдымен ол бұны байқамаған. Артынша қайта айналып соғып атрибуттардың үстінде билеген. Оқиғаның бейнежазбасы желіде таралып, жанкүйерлердің наразылығын тудырды. 

Кейін Игита “Қайрат” футзал клубының инстаграмм парақшасында видео жариялап, барша Қазақстандық футбол және футзал клубтары мен олардың жанкүйерлеріне, атап айтқанда «Ақтөбе» мен «Астана» футбол клубтарына құрметсіздік танытқаны үшін кешірім сұрады.